Кентау
көпсалалы колледжі
МЕМЛЕКЕТТІК
ЛИЦЕНЗИЯ АА № 0010110 (тұрақты мерзімге берілген) 9 сынып және 11 сынып
негізінде талапкерлерді бюджеттік және келісімшарт (арқылы) күндізгі және
сыртқы бөлімдеріне 2010-2011 оқу жылына оқуға шақырады.
ТАЛАПКЕРЛЕР
НАЗАРЫНА!
Бүгінгі таңда Кентау көпсалалы
колледжінде 1312 оқушы сапалы білім алуда.
Колледж қазіргі заманға сай оқу базасымен: екі оқу
корпусы,40-тан астам лаборатоиялар мен дәрісханалар, кабинеттер, соның ішінде
Интернетке жалғанған 5 компьютер класы, әдістемелік кабинет, кітапхана, 80
орындық оқу залы, спорт залы, 50 орындық асхана, жатақхана,
слесарлық-механикалық, электр монтаждау шеберханалармен жабдықталған. Колледжде
соңғы жылдары білім беру жүйесінде жаңа технологиялық әдістерді пайдалану
мақсатында мультимедиялық проекторлармен жабдықталған кластар, интерактивті
тақтамен жабдықталған 5 класс, жаңа кодоскоптар, тележүйелер мен радиожүйелері
іске қосылған.
Колледжде
жастар, мәдени-ағарту, дене тәрбиесі, көңілді тапқырлар клубы (КВН) «Үкілі
үміт» қыздар қоғамы, пікрі-сайыстар ұйымы жұмыс істейді.
Колледжді
бітіргендерге МЕМЛЕКЕТТІК ҮЛГІДЕГІ ДИПЛОМ және қосымша жұмысшы мамандығы
куәлігі беріледі, сонымен қатар барлық университеттер мен жоғары оқу
орындарында күндізгі, сыртқы бөлімдерде өз мамандықтары бойынша II-III курстан
оқуын жалғастыра алады.
Тұл
жетім балалар, көпбалалы және әлеуметтік жағынан, аз қамтылған отбасылардан
шыққан студенттерге жеңілдіктер қарастырылған.
Талапкерлердің
оқуға түсу құжаттары күндізгі бөлімге 2010 жылдың 20 маусымынан 20 тамызғңа
дейін, сыртқы бөлімге 20 қыркүйекке дейін қабылданды.
Мемлекеттік
грант бойынша түскен студенттерге 9 000 – 11 000 теңге аралығында
шәкіртақы тағайындалады.
Келісімшарт
(ақылы) негізінде түскен студенттерге жылдық төлем ақы мөлшері күндізгі бөлімге
– 75 – 80 000, сыртқы бөлімге – 50 000 теңге.
11
сыныпты бітірген түлектер ұлттық біріңғай (ҰБТ) және кешенді тестілеу
қорытындысы бойынша СЕРТИФИКАТ немесе колледжде үш пәннен компьютерлік кешенді
тестілеуде жинаған ұпай қорытындысымен колледжге оқуға қабылданады.
Қажетті
құжаттар тізімі:
1. Білім туралы құжат
(түпнұсқа), ҰБТ бойынша СЕРТИФИКАТ, мінездеме
2. № 086у үлгілері және 9
сынып талапкеріне № 063 үлгідегі егулер туралы дәрігерлік анықтама (мүгедектер
үшін ДССК шешімі);
3. Фотосурет 6 дана, көлемі
3х4;
4. Туу туралы куәлік немесе
жеке куәлік (көшірмесі)
5. Скоросшиватель, конверт,
дәптер.
|