|
|
Главная » 2010 » Апрель » 20 » Қырғызстанда тәртіпсіздіктер тиылар емес
06:18 Қырғызстанда тәртіпсіздіктер тиылар емес |
Қырғызстанда тәртіпсіздіктер тиылар емес. Бүгін ел астанасы Бішкек
маңында таяқпен қаруланған екі мыңға жуық адам көшеге шықты. Ал елдің
оңтүстігінде экс-президенттің жақтастары шеру ұйымдастырды.
Тәртіпсіздіктер бір топ адамның Бішкек маңындағы жерлерді
өздіктерінен иеленіп алуынан басталған. Ал түске қарай олардың саны 2
мыңға таяп, астанаға бағыт алған. Куәгерлердің айтуынша, шерушілер жол
жөнекей бірнеше тұрғын үй мен дүкенді қиратып өткен. Бішкекке кіре
берісте оларды тоқтатпақ болған тәртіп сақшыларының да бірнеше көлігі
өртке оранған. Бірақ қала басшылығының жер телімін береміз деген
уәдесінен кейін шерушілер алаңға жетпей тарқасты. Қазірше 2 адамның
қаза тапқаны туралы ақпарат таратылуда, жараланғандар бар. Ал
Жалалабадта Бакиевтің мыңнан астам жақтасы шеру ұйымдастырып,
экс-президенттің туған-туыстарын қудалауды тоқтатуды талап етті.
|
|
Просмотров: 1576 |
Добавил: erkebull
| Рейтинг: 0.0/0 |
|
| Календарь |
| « Апрель 2010 » |
| Пн |
Вт |
Ср |
Чт |
Пт |
Сб |
Вс |
| | | | 1 | 2 | 3 | 4 | | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | |
|