1962
жылы наурыз айының 1-ші жұлдызында Кентау қаласында дүниеге келген.
1969 жылдан бастап 1979 жылға дейін Түркістан ауданы Ленинизм деген
колхоздың Қызыләскер орта мектебінде оқыған. 1980
жылы Сарыағаш Қапланбек зооветеренарлық техникумына түсіп, 1982 жылы
ауыл шаруашылығы есепшісі деген мамандық алып шықты. 1982 жылдың 12
қыркүйегінен бастап Кентау ТаукенМеталлургия техникумына кассир болып
жұмыс істеген. 1992 жылдың қыркүйегінен бас есепші болып тағайындалды.
Содан 1995 жылы 1-ші тамыздан бастап ҚХТУ-дың бас есепшісі болып
ауысты. Жұмыс істей жүріп ҚХТУ экономика факультетіне сырттай оқуға
түсіп 2001 жылы бітіріп шықты. 2002 жылдың 15-ші тамызынан бастап
Кентау көпсалалы колледжінде бас есепші болып істейді. 10 жыл бойы
кассир болып, 17 жыл бас есепші болып жұмыс атқарған.
Грамота: 2006жылы 8-ші наурызда «Халықаралық әйелдер күні» Білім Басқармасы
2010жылы 8-ші наурызда «Халықаралық әйелдер күні» Кентау әкімшілігі
Мінездеме.
Тұрмыста. 2 ұлы бар. 2 ұлдың анасы. 2 немересі бар.
|