|
|
Каталог файлов
ККК гуманитарлы-экономикалық бөлімнің меңгерушісі
|
| 20.04.2010, 05:51 |
1954
жылы 2-ші қыркүйек ОҚО Ордабасы ауданы Амангелді ауылында дүниеге
келген. Амангелді атындағы орта мектепті 1971 жылы бітіргеннен кейін
дәріханада еңбек жолын бастаған. 1971-1972
жылдары Шымкент педагогикалық институтында ағылшын тілі курсында
оқыған. 1973-1974 жылдары Абай орта мектебінде пионер бажатый және орыс
тілінен сабақ берген.
1975 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтына оқуға түскен.
1979 жылы АПИИЯ ағылшын тілі мамандығын бітіріп, арнайы жолдамамен
Кентау қаласына Кентау тау-кен металлургия техникумына орналасты. 1993
жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
ұйымдастыруымен Англияда білім жетілдіру тәжірибесінен өткен. 1998
жылдан Кентау көпсалалы колледжінде оқу ісінің меңгерушісі қызметін
атқаруда.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет
грамотасымен, 2009 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігінің ең жоғарғы педогогикалық Ы.Алтынсарин төс белгісімен
марапатталған. 37 жыл педагогикалық өтілімде мектеп - гимназия,
училище, техникум, университетте сабақ берген. Ағылшын тілінде
колледждегі барлық мамандықтарға арнайы тақырыптар мен екі оқу құралын
жазған. Көп жылғы еңбектері кентаулық ақын - жазушылардың шығармаларына
арқау болды және колледж студенттері жүрек жарды жырларын арнады.
Тұрмыста отағасы Байменов Әлімхан Мұсаұлы- инженер, ұлы Байменов Даулет Әлімханұлы- бағдарламашы.
|
|
Категория: Мои файлы | Добавил: erkebull
|
| Просмотров: 2170 | Загрузок: 0
| Рейтинг: 0.0/0 |
|
|