1965 жылдың қаңтарында Кентау Тау - кен металлургия техникумы ашылды. Кентау қаласындағы тұңғыш орта арнаулы оқу орнының директоры болған, Мұса Бегалыұлы Каленов осы техникумда 20 жыл еңбек етті. 1992 жылдан бастап оқу орны Кентау политехникалық колледжі болып аталды. 1998
жылы Қазақстан Республикасының білім беру мәдениет және денсаулық
сақтау министрі Қ.Е.Көшербаевтың бұйрығымен Кентау экономикалық
колледжінің директоры болып бүгінгі күнгі директоры Абдрахманов Сембек
Төреханұлы тағайындалды. 2000 жылдан бастап өмір талабына байланысты
техникалық мамандықтарды ашу, көбейту мақсатында «Кентау экономикалық
колледжі» «Кентау көпсалалы колледжі» болып өзгерді. Қазіргі кезде
екі оқу ғимаратынан тұратын Кентау көпсалалы колледжінде 1300-ге тарта
студент негізінен техникалық мамандықтар бойынша білім алуда. Колледждің
оқу материалдық базасы екі және үш қабатты екі оқу ғимаратында: 40-тан
астам лабораториялар, дәрісханалар, соның ішінде 7 компьютерлік класы,
әдістемелік кабинет, кітапхана, 80 орындық оқу залы, 50 орындық
асхана, жатақхана, слесарлық механикалық электр монтаждау
шеберханалары бар. Компьютерлік кластары 100-ден аса ең соңғы
Pentium компьютерлерімен жабдықталған. Колледж компьютерлері толығымен
Интернет желісіне жалғанған және электронды, оргтехникалық құрал -
жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
|